Денсаулық және спорт күні
- Толығырақ
- Құрылды Дүйсенбі, 13 Маусым 2022 17:22
- Қаралды: 378
Біздің балаларымыздың дені сау болуы үшін, оларға ерте жастан салауатты өмір салты дағдыларын үйрету, өз денсаулығына ұқыпты қарауға тәрбиелеу, спортқа дағдыландыру қажет. 13 маусым күні "Солнышко" жазғы мектеп жанындағы алаңында денсаулық және спорт күні – жақсы көңіл-күй мен қуаныштың көңілді мерекесі өтті.
Дене шынықтыру мұғалімдері Артем Сергеевич пен Виталий Сергеевичтің басшылығымен барлық жасақтардың балалары спорттық жарыстарға қатысты. Балалар жылдамдық, күш, ептілік және ұйымшылдықпен жарысты. Нәтижесінде достық жеңді, ал барлық қатысушылар сергектік пен денсаулық қуатына ие болды! Жарыстан кейін жасақтар «Денсаулықты сақтаймын, өз-өзіме көмектесемін» атты суреттер сайысына қатысты.