Отбасылық оқулар
- Толығырақ
- Құрылды Жұма, 30 Сәуір 2021 10:16
- Қаралды: 685
Кітапқа, оқуға деген көзқарасты қалыптастырудағы отбасының рөлі өте зор. Оқуға деген қызығушылық бала кезінен-мектепке дейінгі тәрбиеден және отбасындағы оқудан қалыптаса бастайды.
Отбасылық оқу-балаларды кітап әлемімен кеңінен таныстырудың басты жолы. Адамның кітаппен алғашқы кездесуі отбасында басталады (ауызша әңгімелер, дауыстап оқу арқылы). Отбасылық оқу бастапқыда баланы кітап мәдениеті әлеміне енгізеді, адамды тәрбиелеудің дәлелденген тәсілі, оның ішінде оқырман ретінде де алфавитті үйренуден бұрын басталады.