1-сынып оқушыларының мектепте бейімделуі бойынша ата-аналарға арналған ұсыныстар
- Толығырақ
- Құрылды Жұма, 18 Қыркүйек 2020 14:17
- Қаралды: 1050
Бірінші сынып оқушыларының көбісі мектепке бала-бақшадан келген балалар. Онда ойындар, серуендер, жайлы режимі, күндізгі ұйықтау, әрқашанда жандарында тәрбиешісі. Мектепте бәрі басқаша.
Бейімделу үшін оған күш-жігер мен уақыт қажет. Бірінші сынып оқушылары үшін мектепке бейімделу кезеңі өте қиын болып табылады, сол кезең 2-3 аптадан жарты жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл көптеген факторларға байланысты: баланың жеке ерекшелігіне, типті оқу орындарына, білім беру бағдарламаларының күрделі деңгейіне, баланың мектепке деген даярлық дәрежесіне.