Қашықтықтан оқыту форматында қалалық коучинг
- Толығырақ
- Құрылды Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 23:07
- Қаралды: 602
2021 жылғы 24 ақпанда тарих және география ӘБ мұғалімдері "Оқушылардың өзіндік белсенділігін қалыптастыру және дамыту тәсілі ретінде көп деңгейлі және сараланған тапсырмаларды қолдану" тақырыбы бойынша қашықтық форматта қалалық коучинг өткізді. Коучингтің мақсаты: саралап оқыту стратегиясымен танысу, педагогтердің жұмыс тәжірибесінде түрлі деңгейлі және саралап берілген тапсырмаларды қолдануға бағыттау.
Модераторлар Токусарова Динара Михайловна мен Кадыров Данияр Каршигаевич коучинг қатысушыларын әртүрлі деңгейлік және сараланған тапсырмалардың түрлерімен таныстырды, өз жұмысының тәжірибесінен мысалдар келтірді.