«Мектепке жол» платформасы
- Толығырақ
- Құрылды Сенбі, 11 Қаңтар 2020 01:38
- Қаралды: 2061
Құрметті ата-аналар! «Ата мекенім» ҚБ қолдауымен www.atamekenim.kz «Мектепке жол» платформасы құрылды, онда көмекке мұқтаждар өз өтінімдерін қалдыра алады.
Өз кезегінде демеушілер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудару арқылы осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерін жүзеге асыра алады. Бұл платформа тұрақты негізде жұмыс істейтін болады және жаңа тәсіл арқылы көмек көрсету мәдениетін қалыптастыруға қызмет етеді, оның атаулылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді.