Ата-аналар жиналысы
- Толығырақ
- Құрылды Сейсенбі, 08 Ақпан 2022 20:24
- Қаралды: 483
Бүгін мектеп базасында №4 емхананың бас дәрігердің орынбасары Т.Б. Земцова мен эпидемиолог–дәрігері А. Ж. Саттыбаеваның қатысуымен ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты-карантин жағдайында оқу процесін ұйымдастыру ережелері және жасөспірімдерді вакцинациялау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары. Жиналыс барысында білім беру ұйымдары қызметкерлерінің вакцинациясы мен ревакцинациясы, 12-18 жас аралығындағы қала мектептерінің жасөспірімдерін вакцинациялау бойынша статистикалық деректер айтылды, соңғы екі аптада мектеп ортасында коронавирустық инфекцияның таралуына мониторинг жүргізілді.
№4 емхана өкілдері ата-аналармен 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакцинациялау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру сипатындағы әңгіме өткізді және ата-аналарды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді. Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін қаланың үш мектебінің (№27 ЖББМ, №1 МЛ және ГМГ) базасында вакцинация пункттері ашылды. Оларға вакцинаны жақын маңдағы барлық мектептердің оқушылары қалауы бойынша ала алады. Бүгінгі таңда қала мектептерінің 400-ден астам оқушысы ниет білдіріп, вакцинацияланды. Олардың барлығы асқынусыз және салдарсыз вакцинациядан өтті.
Естеріңізге сала кетейік, жасөспірімдерді вакцинациялау ата-аналардың жазбаша келісімімен ерікті негізде ғана жүргізіледі.