Қамқоршылар кеңесі отырысының №2 хаттамасы
- Толығырақ
- Құрылды Бейсенбі, 11 Ақпан 2021 18:37
- Қаралды: 697
09 ақпанда Қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
- 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мектепте оқытуды ұйымдастыру туралы.
- Сабақ кестесін келісу туралы.
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №16 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ |
|
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №16 ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОСТАНАЯ" УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ |
ХАТТАМА 2021 ж. 09 ақпан |
|
ПРОТОКОЛ № 2 |
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ (БКБ)
Төрағасы – Джантасов Е. Н.
Хатшысы – Жамбалинова В. К.
Қатысқандар: 16 адам (Джантасов Е.Н., Сафарян Л.В., Бейсимбаева Ж.С., Павленко Д.А., Дубинин С.Н., Шин Д.В., Михейлис У.В., Махчиян Т.К., Столбовская Е.Ю., Токарева О.Ю., Котелевская Т.П., Калинина Т.Н., Симонова Н.А., Ельжасов И.Б., Садуева К.С., Белоглазова В.М.)
Қатыспағандар: 0
КҮН ТӘРТІБІ:
- 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мектепте оқытуды ұйымдастыру туралы.
- Сабақ кестесін келісу туралы.
ТЫҢДАЛДЫ: Ельжасов И.Б., мектеп директоры
Ильяс Болатханович Қамқоршылық кеңес мүшелерін «Қостанай облысының бас мемлекеттік дәрігерінің 04.02.2021 ж. №5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 09 ақпандағы №6 қаулысымен таныстырды.
- жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда оқыту 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда ата-аналардың өтініші бойынша;
- бітіруші сыныптарға арналған құрамдастырылған оқыту (9, 11 - сыныптар): пәндердің 70% - ы штаттық режимде, 30% - ы қашықтықтан оқыту режимінде;
- сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқыту.
Қалалық маршруттық автобус жүргізушілерінің ереуіліне, қалалық маршруттық рейстердің тоқтатылуына байланысты мектеп директоры 5, 9, 11-сыныптардың оқу процесін ағымдағы жылдың 11 ақпанынан бастауды ұсынды.
Дауыс бергендер: -13, қарсы-0, қалыс қалғандар – 0.
ТЫҢДАЛДЫ: Петрякова С.П., директордың ОІ жөніндегі орынбасары.
Светлана Петровна Қамқоршылық кеңес мүшелерін «Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру туралы» 2021 жылғы 11 ақпандағы № 41 мектептің бұйрығымен таныстырды. 1-4 сыныптардағы кестені келесі ретпен өзгертуді ұсынды (қосымша).
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- 2021 жылдың 11 ақпанынан бастап 5, 9, 11-сыныптарда оқу процесін ұйымдастыруына ұсыныс берілсін.
- Ыстық тамақтың сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету үшін 1-4 сыныптардың сабақ кестесіне өзгерістер енгізу ұсынылсын.
- Барлық санитарлық нормалар мен талаптардың қатаң сақталуы қамтамасыз етілсін.
Төрағасы Джантасов Е.Н.
Хатшы Жамбалинова В.К.