Қамқоршылар кеңесі отырысының №5 хаттамасы
- Толығырақ
- Құрылды Сенбі, 13 Наурыз 2021 18:50
- Қаралды: 711
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №16 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КММ |
|
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №16 ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОСТАНАЯ" УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ |
ХАТТАМА 2021 ж.11 наурыз |
|
ПРОТОКОЛ № 5 |
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ (БКБ)
Төрағасы – Джантасов Е. Н.
Хатшысы – Жамбалинова В. К.
Қатысқандар: 16 адам (Джантасов Е.Н., Сафарян Л.В., Бейсимбаева Ж.С., Павленко Д.А., Дубинин С.Н., Шин Д.В., Михейлис У.В., Махчиян Т.К., Столбовская Е.Ю., Токарева О.Ю., Котелевская Т.П., Калинина Т.Н., Симонова Н.А., Ельжасов И.Б., Садуева К.С., Белоглазова В.М.)
Қатыспағандар: 0
КҮН ТӘРТІБІ:
- 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында оқушыларды оқытуды 12 наурыздан бастап ұйымдастыру туралы.
ТЫҢДАЛДЫ: Ельжасов И.Б., мектеп директоры
Ельжасов И.Б. Қамқоршылық кеңес мүшелерін «Қостанай облысының бас мемлекеттік дәрігерінің 04.02.2021 ж. №5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 09 наурыздағы. №10 қаулысымен таныстырды:
- МАДТ тәрбиеленушілерін, 1-5-сыныптарды қоса алғанда, сыныптардағы балалар саны 25 адамнан аспайтын оқушыларды аралас форматта оқыту;
- 9,11-сыныптарды аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқыту: пәндердің 70% - ы штаттық режимде, 30% - ы қашықтықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, «1-сынып-1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және бетперделік режимді сақтау).
ТЫҢДАЛДЫ: Садуева К.С. директордың ОІ жөніндегі орынбасары.
Кунсулу Сагидолловна Қамқоршылық кеңес мүшелерін «Қостанай қаласының орта білім беру ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру туралы» Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің 2021 жылғы 11 наурыздағы №278 бұйрығымен таныстырды. К.С. Садуева бекітуді ұсынды:
- МАДТ тәрбиеленушілері, 1-5 сынып оқушылары үшін оқытудың аралас форматындағы аптасына 5 рет (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма) оқу процесін;
- 9, 11-сынып оқушыларының топтары үшін оқытудың аралас форматындағы аптасына 5 күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма) оқу процесін ұйымдастыруды ұсынды. Сенбі күні жеке кеңес беру сабақтарын өткізуді.
- МАДТтәрбиеленушілері, 1-5, 9, 11-сынып оқушылары үшін 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанына 12 наурыздан бастап сағаттарды бөлу және сабақ кестесі (№1 қосымша);
- 1-5 сыныптардың оқу пәндері бойынша оқу жұмыс жоспарының сағаттарын бөлу, штаттық форматта 70%, қашықтықтан 30% (№2 қосымша).
Дауыс бергендер: -13, қарсы-0, қалыс қалғандар – 0.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- МАДТ тәрбиеленушілері, 1-5 сынып оқушылары үшін оқытудың аралас форматындағы оқу процесі аптасына 5 рет (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма) жүзеге асыру ұсынылсын;
- оқытудың аралас форматындағы 9, 11-сынып оқушыларының топтары үшін оқу процесін ұйымдастыру аптасына 5 күн ішінде (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма) жүзеге асыру ұсынылсын. Сенбі күні жеке кеңес беру сабақтары өткізілсін.
- МАДТтәрбиеленушілері, 1-5, 9, 11-сынып оқушылары үшін 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанына 12 наурыздан бастап сағаттарды бөлу және сабақ кестесі №1 қосымшаға сәйкес ұсынылсын;
- 1-5 сыныптардың оқу пәндері бойынша оқу жұмыс жоспарының сағаттарын бөлу және 9, 11-сыныптардың оқу пәндері бойынша оқу жұмыс жоспарының сағаттарын бөлу, штаттық форматта 70%, қашықтықтан 30% №2 қосымшаға сәйкес ұсынылсын;
- барлық санитарлық нормалар мен талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етілсін.
Төрағасы Джантасов Е.Н.
Хатшы Жамбалинова В.К.