БАЛАЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ!
- Толығырақ
- Құрылды Сейсенбі, 11 Маусым 2024 08:27
- Қаралды: 114
Құрметті қала тұрғындары!
Су тасқынына байланысты Тобыл өзенінің түбіне қатты зақым келді, топырақ құлады, өзенде құрылыс қалдықтары көп. Шомылатын орындар жабдықталмаған, іргелес инфрақұрылым су тасқынынан зақымдалған.
Осыған байланысты кәмелетке толмаған балаларды заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз шомылуға тыйым салынады.
Патрульдеудің 2 күнінде білім бөлімінің қызметкерлері төтенше жағдайлар басқармасының, білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірлесіп қалалық жағажай, "Шағала"жағалауы ауданындағы тозығы жеткен көпір орындарында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз 33 кәмелетке толмағанды анықтады.
Құрметті ата-аналар, сіздерді жазғы кезеңде балалардың болуына қырағылық пен бақылау көрсетуге шақырамыз.