Мемлекеттік рәміздер күні "Солнышко"лагерінде

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында 3 маусымда "Солнышко" жазғы мектеп жанындағы алаңында мерекелік іс-шаралар өтті.

Күн салтанатты жиыннан басталды, онда балалар Республиканың Әнұранын орындады. Ал 4 жасақтың оқушылары ҚР рәміздері туралы мәнерлеп оқу дайындады. Күн бойы әр жасақ рәміздер туралы бейнеролик көрді, сондай-ақ викторина өткізді, онда балалар жақсы білімдерін көрсетті.

Күн "Менің Отаным"суреттер конкурсымен аяқталды. Балалар көптеген жағымды эмоциялар мен көтеріңкі көңіл-күй алды. Бүгінгі күнді қорытындылай келе, мақтанышпен айтуға болады: Елтаңбаға, туға және әнұранға деген көзқарас — бұл мемлекеттің өзіне деген көзқарас. Ол ұқыпты және құрметті болуы керек!!!

   

Яндекс.Метрика