Бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру
- Толығырақ
- Құрылды Бейсенбі, 17 Наурыз 2022 15:56
- Қаралды: 617
- Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі, Қостанай қаласы, 8 шағын аудан, 20 үй. Тел. 8(7142)22-05-77, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
- Физика мұғалімінің уақытша бос лауазымына (жүктілігі және босануы бойынша демалыс кезеңіне) конкурс жарияланады.
Міндеттері: оқытылатын пәннің (физика) ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады, өзіне бекітілген сыныптарда оқу жүктемесін бөлу бойынша сабақтар мен басқа да оқу сабақтарын өткізеді, сабақ уақытында тиісті жөн мен тәртіпті қамтамасыз етеді. Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады. Қысқа мерзімді жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау тапсырмаларын жасайды. Электрондық журналдарды толтырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді. Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін зерделейді.
Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек өтіліне және бар санатына байланысты 177 766 теңгеден бастап.
- Біліктілік талаптары:
- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білім жұмыс стажына талаптар қойылмайды;
- және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі-5 жыл;
- және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.
- Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 24 наурыздан 2022 жылғы 1 сәуірге дейін жүзеге асырылады.
- Электрондық немесе қағаз түрінде жіберілетін құжаттардың тізбесі:
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
- кадр есебі бойынша толтырылған парақ;
- педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- немесе педагог - модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.заявление об участии в конкурсе;
- Жүктілігі және босануы бойынша демалыс кезеңіне (2022 жылғы 11 сәуірден бастап).
Бос/уақытша бос лауазымға конкурсқа қатысуға өтініш
Бос немесе уақытша бос оқытушы лауазымына үміткердің бағалау парағы