Назар аударыңыз! Алаяқтық!
- Толығырақ
- Құрылды Жұма, 24 Желтоқсан 2021 12:39
- Қаралды: 492
Қаржы пирамидасы - бұл алаяқтық түрлерінің бірі, онда кіріс жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге мүлкін не оған құқығын тартудан, тартылған қаражатты қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, осы активтерді қайта бөлу және бір қатысушыларды басқалардың жарналары есебінен байыту арқылы қалыптастырылады.
Қаржы пирамидасының ерекшелігі - тез және оңай ақша табуға уәде беру. Қаржы пирамидалары көбінесе өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде көрсетеді.