Мектеп асханасындағы тамақтану үшін ақы төлеудегі өзгерістер туралы

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

Құрметті ата-аналар! Сіздерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілгенін  жеткіземіз.

Сонымен, жоғарыда көрсетілген Ережелердің 108 тармағына сәйкес «Ата-ана төлемі есебінен тамақтанатын білім алушылар үшін мектеп асханасында тамақтану үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде мектеп асханасында сатылатын өнімнің бағасын мәзірде (бағалар прейскурантында) көрсетілген бағадан 10% мөлшерінде төмендету көзделеді».

Біз тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді жеткізушіге тамақтану үшін қолма-қол ақшасыз төлем жасау, сондай-ақ қолданыстағы прейскуранттағы бағаны төмендету мүмкіндігін қарастыру қажеттілігі туралы хат жолдадық.

Ұйымдастыру сәттері шешілгеннен кейін мұндай мүмкіндік біздің мектепте енгізілетін болады. Қолма-қол ақшасыз төлемді қабылдаудың басталуы туралы ақпарат қосымша жеткізілетін болады..

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика