Жалпыадамзаттық құндылықтар күні
- Толығырақ
- Құрылды Бейсенбі, 26 Қараша 2020 10:57
- Қаралды: 796
«Сүйспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат-оның негізі,
дұрыс әрекет-бұл оның шынайы өмірі»
Жалпыадамзаттық құндылықтар күнін өткізу аясында 16-20 қараша аралығында мектепте «Сүйіспеншілік-адамның басты қасиеті, ақиқат - оның негізі, дұрыс әрекет - оның шынай өмірі» ұранымен іс-шаралар өтті. Жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін поэтикалық шығармаларды насихаттау мақсатында мектепте 5-6 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Конкурстың қорытындысы бойынша 5-сынып оқушылары арасында Гран – при Виолетта Сырцовада (5 "В"), 1-орын Дарья Тыщенко (5 "Г"), 2-орынды Элина Закриева мен Диларум Альшимбаева бөлісті, 3-орынды Камилла Бекбаева (5 "Е") және Владислава Емельянова (5 "Д") иеленді. Конкурс қорытындысы бойынша 6-сынып оқушылары арасында 1 – орынды Ибраева Айым (6 "Д"), 2 - орынды Бойко Милена (6 "Г"), 3-орынды Ким Анастасия (6 "Б") иеленді. Сондай-ақ оқушылардың рухани-адамгершілік әлеуетін ашу, құндылық бағдарларын, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамыту мақсатында мектепте суреттер конкурсы өткізілді. Құзыретті қазылар алқасының шешімі бойынша 1-2 сыныптардың параллелінде 1 орынды – 1 «Д», 2 орынды – 1 «В», 3 орынды-2 «Г» иеленді. 3-4 сыныптардың параллелінде 4 «В» сыныбы жеңімпаз болса, 2 орынды 4 «Б» және 3 «Б» сыныбы, 3 орынды – 4 «Г» сыныбы иеленді.
«Жалпыадамзаттық құндылықтар - бақытты өмірдің негізі» тақырыбында өзін-өзі танудың бірыңғай сағаты өткізілді. Сабақ барысында «бақытты өмір», «жалпыадамзаттық құндылықтар» ұғымдарының мағынасы ашылды. Апта бойы өзін-өзі тану мұғалімдері мен сынып жетекшілері «бақытты өмір», «жалпыадамзаттық құндылықтар» ұғымдарының мағынасы мен мазмұнын ашуға, оқушылардың шығармашылық және жобалық іс-әрекет барысында өзінің өмірлік ұстанымын көрсете білу қабілетін дамытуға, адамдарға, табиғатқа көмектесу қажеттілігін тәрбиелеуге, өз іс-әрекеттерінде жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алуға тырысты.
Сабақ барысында кезекші сыныптарда жұмыс тәсілдері мен түрлері қолданылды: «өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша бейнероликтерді қарау; мұғалімдердің әңгімелері мен оқушылардың адамдардың игі істері, қоғамға қызмет туралы әңгімелері; адамгершілік-рухани мазмұндағы әңгімелер, шығармашылық қызмет.