Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен!
- Толығырақ
- Құрылды Дүйсенбі, 30 Қараша 2020 17:00
- Қаралды: 762
Құрметті әріптестер, ата-аналар және оқушылар, Сіздерді мемлекеттік мереке-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз! 1 желтоқсан-әрбір қазақстандық үшін маңызды күн. Онда Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиға - көшбасшының бүкілхалықтық таңдауы белгіленген. 1991 жылы бұл күні еліміздің азаматтары тәуелсіз мемлекет құру туралы шешімін растады. Бүгінде Қазақстан ұлтаралық келісімді берік орнықтырған мемлекетке айналды. Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, бақыт, әр отбасына бейбітшілік пен амандық, егемен мемлекетіміздің одан әрі өркендеуі үшін еңбекте табыс тілейміз!
Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы дамып, нығайып, гүлдене берсін! Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!