Cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы
- Толығырақ
- Құрылды Жұма, 20 Қараша 2020 15:54
- Қаралды: 930
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау» «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 16 орта мектебі» ММ-сі мектеп директорының 2020 жылғы 14 қарашадағы № 306 бұйрығы негізінде 2020 жылғы 14 қарашадан бастап 2020 жылғы 18 қараша аралығында «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 16 орта мектебі» ММ-сі (әрі қарай № 16 орта мектебі) қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.
«КЕЛІСІЛГЕН»
«Қостанай қаласы
әкімдігі білім бөлімінің
№ 16 орта мектебі»
ММ-сі директоры
___________ Ельжасов И.Б.
«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 16 орта мектебі» ММ-сінің
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтама
Қостанай қ. 18.11.2020 ж
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау» «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 16 орта мектебі» ММ-сі мектеп директорының 2020 жылғы 14 қарашадағы № 306 бұйрығы негізінде 2020 жылғы 14 қарашадан бастап 2020 жылғы 18 қараша аралығында «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 16 орта мектебі» ММ-сі (әрі қарай № 16 орта мектебі) қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.
«Персоналды басқару»
«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №16 орта мектебі» ММ-нде басқару функциялары мынадай бағыттар бойынша іске асырылады: оқу процесін, тәрбие жұмысын, әлеуметтік-психологиялық қызметті ұйымдастыру, кітапханашы, әкімшіліктің көмекші персоналы, техникалық персонал, бухгалтерия жұмысы. Ағымдағы жылғы 14 қарашадағы жағдай бойынша штат саны 106 педагог қызметкер, 38 техникалық персонал қызметкерді құрайды. Бүгінгі таңда бос жұмыс орындары жоқ.
Педагог қызметкерлердің сапалық құрамын талдай келе, педагогтардың орташа жасы 38 жасты құрайтынын атап өткен жөн. Зейнеткерлік және зейнеткерлік алдындағы жастағы қызметкерлер - 5 адам. Ұлттық құрамы бойынша: 42% - қазақ, 31% - орыс, 27% - басқа ұлт өкілдері.
2020 жылдан бастап ауысымдылық басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты 11 адамды құрайды.
Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру мақсатында біліктілікті арттыру кестесіне сәйкес 2020 жылы 20 педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтті, оның ішінде: жаңартылған бағдарлама бойынша – 14 педагог; пәндік бағытта – 6 педагог.
Тәртіптік тәжірибені талдай отырып, мектеп қызметкерлері 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, еңбек заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылмағанын айтуға болады. Алайда, педагогикалық этика мен лауазымдық міндеттерін бұзғаны үшін 2 қызметкер тартылды.
Мектепте мүдделер қақтығысы жоқ. 1 қыркүйекте № 256 мектептің бұйрығымен Г.Т. Дуйсембаеваға этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілеттінің міндеттері жүктелді. Сондай-ақ, №257 мектептің бұйрығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітілді.
Осылайша, мектеп қызметкерлерінің қызметі ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, мектептің Этика кодексін іске асыруға бағытталған.
Тұтас алғанда, мектеп қызметкерлерінің қызметі қойылған функциялар мен міндеттерді іске асыруға бағытталған.
«Мемлекеттік қызмет көрсету»
Қазіргі уақытта мектепте барлығы 7 мемлекеттік қызмет жүзеге асырылады:
2019 жылы «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №16 орта мектебі» ММ-сінде 467 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде мемлекеттік корпорация (ХҚКО) – «Электрондық мектеп» арқылы - 336.
2020 жылғы 1 маусымға «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №16 орта мектебі» ММ-сінде 47 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы – 34, «Электрондық мектеп» арқылы - 0.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау мақсатында мектепте 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері жыл сайын мектеп директоры жанындағы кеңестерде қаралады.
Осылайша, 2020 жылғы қыркүйек айында директор жанындағы кеңесте мектепте мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат тыңдалды.
Мектепте «2020-2021 оқу жылында мемлекеттік қызметтерді орындауға жауапты тұлғаларды тағайындау туралы»2020 жылғы 28 тамызда №231 бұйрық шығарылды. Сондай-ақ мектеп сайтында және стендте мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат үнемі жаңартылып отырады, мемлекеттік қызметтер екі тілде орналастырылған. Мектептің бірінші қабатында азаматтардың электрондық қызметтерді алуы үшін өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жабдықталған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және шағымдар жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі мектеп басшысының тұрақты бақылауында.
«Рұқсат беру функцияларын іске асыру»
№16 орта мектеп рұқсат беру қызметін жүзеге асырмайды.
«Бақылау функцияларын іске асыру»
№16 орта мектеп бақылау функцияларын жүзеге асырмайды.
«"Мектептің ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер»
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2020 жылғы 14 қарашаға дейін мектепке жеке және заңды тұлғалардан 18 өтініш түсті, оның ішінде: 1 – өтініш, 0 – шағым, 17 – өзге де өтініштер.
Өтініштердің сипатын талдау кезінде барлық өтініштер білім беру мәселелеріне қатысты екендігі анықталды.
18 өтініш қаралды (қанағаттандырылды – 17, түсіндірілді – 1, басқа мемлекеттік органдарға құзыреті бойынша қайта жолданды - 0, анонимдік өтініш қараусыз есептен шығарылды - 0.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша жұмыс тобы келесі ұсыныстар жасады:
- Мектеп қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын сақтау, «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің №16 орта мектебі» ММ-сінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты мен этика кодексін орындау.
- Этика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті Г.Т. Дуйсембаева баспа басылымдарында жариялаумен немесе мектептің ресми интернет-ресурсында орналастырумен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізсін.
- Мектепте мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнаманы сақтау, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен халық арасында тұрақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
- Мектеп басшысы азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдеріне бақылауды күшейтсін.
Жұмыс тобының төрағасы Винников А.Н.
Жұмыс тобы мүшелерімен келісілді:
Довгаль В.Г.
Курманбаева Д.Ж.