Орыс тілі мен әдебиеті апта

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

2019 жылдың 4-11 қараша аралығында біздің мектепте орыс тілі мен әдебиеті апталығы өтті. Осы іс-шараны өткізудің мақсаты сабақтан тыс іс-әрекет арқылы орыс тілі мен әдебиеті пәндеріне қызығушылығын арттыру, оқушылардың шығармашылық және танымдық әлеуетін дамыту болды.

4 қарашада дүйсенбі күні 5-11 сыныптар үшін пәндік апталықтың ашылуына арналған салтанатты жиындар өткізілді. Екінші қабаттың фойесінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері мерейтой–жазушылардың: А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, У. Шекспирдің және т.б. портреттерін, сондай-ақ орыс тілі тарихынан қызықты деректерді орналастырған ақпараттық стенд безендірді. 2 қабаттағы баспалдақ аралығы орыс тілі туралы жазушылардың айтқан сөздері мен афоризмдері безендірілді. Сондай-ақ, әдеби шығармалардың  биылғы жылғы  мерейтойына  байланысты көрмесі ұйымдастырылды.

Неделя русского языка и литературы5 қарашада сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. Кітапханашы Гаук Л.И. 5 сынып оқушыларына арналған «Ертегі кейіпкерлерінің әлемінде» атты әдеби викторина өткізді. Балалар сұрақтарға жауап беріп, әдеби кейіпкерді тауып, қызықты тапсырмалар орындады. Викторинаның жеңімпаздары 5 «А» сынып оқушылары 1 орынға ие болды, 5 «Г» сынып оқушылары 2 орынға ие болды және 5 «Б» сынып оқушылары 3 орынға ие болды.

8 қарашада 6 сынып оқушылары үшін мұғалім Кравченко О. А. «А. С. Пушкиннің ертегілері беттерінен» атты ұлы ақынның 220-жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шара өткізді. 6-шы сыныптардың бес тобы А. С. Пушкиннің ертегілерін білуден жарысты, викторина сұрақтарына жауап берді, ертегілерден үзінділерді сахналады, өлеңдерді жатқа оқыды. 1 орын алған 6 «А» сынып оқушылары жеңімпаз атанды. 6 «Б», 6 «В» сынып оқушылары 2 орынға ие болды және 3 орынға 6 «Д» сынып оқушылары ие болды.

Неделя русского языка и литературы7-ші сынып оқушылары үшін мұғалім Цыгулева  В. Ф. «Әдеби кейіпкерлері, сахнаға!» атты сайысын өткізді. 7 сынып оқушылары «Золушка», «Колобок», «Маша и медведь» сияқты әдеби ертегілерін жаңаша сахналады, Н. В. Гогольдің «Ночь перед Рождеством» повесінен сұлу қыз Оксананы, В.Гауф ертегісінен Кішкентай Мук сияқты танымал әдеби шығармалардың кейіпкерлерін бейнеледі. 1 орын алған 7 «Б» сынып оқушылары жеңімпаз атанды, 2 орын 7 «А» сынып және  7 «В» сынып оқушылары 3 орынға ие болды. Сонымен қатар 7 «Д» сынып оқушысы Битенова Аружан «Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша мақтау қағазымен марапатталды, ал 7 «Г»  сынып оқушысы Чайхисламов Олжас «Үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша мақтау қағазымен мараппатталды.

8 және 9 сыныптар арасында мұғалім  Агакишиева Т. Т. «Орыс тілінің білгірлері» атты турнир өткізді. 8-ші және 9-шы сыныптардың құрама топтары орыс тілін білуден сайысты, викторина сұрақтарына жауап берді, жұмбақтар шешті. 1 орын алған 9-сынып параллельдерінің тобы ерекшеленді. 8 сынып параллельдері тобы 2 орынға ие болды.

Неделя русского языка и литературы10-11 сынып оқушылары үшін мұғалім Самуратова М. Х.  мектептің мәжіліс залында «Әдеби қонақжай» атты іс-шара өткізді, онда 10 сынып оқушылары Лизенко Б.,  Ибраев Б., Григорьев Д. С. Есенин мен В. Маяковский арасындағы ақындық дуэльді бейнелеп, ақын өлеңдерін оқыды, өткір сөз айтумен жарысты. Кештің жалғасы Күміс ғасыр поэзиясы болды, 10, 11 сынып оқушылары Штепа К., Никогосян Г., Забиров Э., Бурнашова М., Кутурина О., Зарицкая М., Агеева А., Гилярова Ю., Матрюк Е., Безвесельная К., Бабаджанян К., Ефимов И. ХХ ғасырдың басындағы көйлектер мен костюмдерін киіп, әдеби қонақжай атмосферасын құрып, М.Цветаеваның, А.Ахматованың, С.Есениннің өлеңдерін оқыды.

Кеш соңында 10 сынып оқушысы Ильдинбаева Дана М. Цветаеваның  «Мне нравится ...» атты өлеңіне романсты орындады.

Сонымен қатар орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында ашық сабақтар өткізілді. Мұғалім Самуратова М. Х.  әдебиет пәні бойынша 5 «А» сыныбында «Сказка о царе Берендее» атты ашық сабақ өткізді, мұғалім Кравченко О. А.  6 «Б» сыныбында орыс тілі пәнінен «Моя семья» атты ашық сабақ өткізді, мұғалім Цыгулева В. Ф. әдебиет пәні бойынша 7 «Б» сыныбында «А. С. Пушкин «Зимнее утро» «Лирикалық кейіпкердің бейнесі» атты  ашық сабақ өткізді және Агакишиева Т. Т. әдебиет пәні бойынша  8 «В» сыныбында «У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» атты ашық сабақ берді.  Барлық сабақтар жоғары әдістемелік деңгейде өтті.

11 қараша күні апталықтың жабылуына арналған жиналыстақорытынды шығарылып, жеңімпаздарға мадақтаулар тапсырылды.

Неделя русского языка и литературыНеделя русского языка и литературыНеделя русского языка и литературыНеделя русского языка и литературыНеделя русского языка и литературы

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика