Математика, информатика және физика декадасы
- Толығырақ
- Құрылды Бейсенбі, 28 Қараша 2019 23:25
- Қаралды: 2197
2019 жылғы қараша айының 18-нен 26-на дейін мектепте 5-11 сынып оқушылары арасында математика, информатика және физика пәндерін танымал ету, оқушылардың білім алушылығын, танымдық қызығушылығын, зияткерлік қабілеттерін, шығармашылық белсенділігін дамытуға ықпал ету мақсатымен математика, информатика және физика декадасы өткізілді.
Онкүндікті өткізу жоспарын әдістемелік бірлестік мұғалімдері екінші отырысында әзірледі. Барлық іс-шаралар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып дайындалды.
Онкүндік жоспары әр түрлі, көп жоспарлы іс-шаралар өткізуді қарастырады.
Барлығы жалпы мектептік линейкасыннан, математика, информатика және физика декадасының ашылуынан басталды. Бірінші қабаттан төртінші қабатқа дейінгі мектеп баспалдағы безендірілді, оны біз «Математикалық сатылар» деп атадық, онда ғалымдар туралы қызықты мәліметтер, математикадан, информатикадан және физикадан қызықты деректер орналастырылған. Онкүндік барысында бірінші қабатта барлық үзілістер барысында осы пәндерге қатысты ғылыми-танымдық фильмдер, мультфильмдер көрсетілді. Екінші қабаттың холында «Мерейтой даталар күнтізбесі: Л. Магницкийдің 350 жылдығына және А. Эйнштейннің 140 жылдығына арналған ақпараттық хабаршы» ресімделді.
Мектеп кітапханашысы «Математикамен әуестенгендер үшін» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. 5 сынып оқушылары үшін «Математика пәнінен кішкентай кітапшалар» буклет сайысы басталды.
Барлық математика, физика және информатика мұғалімдері, жас мамандар да ашық сабақтар көрсетті.
Сыныптан тыс іс-шаралар онкүндіктің өтуіне өз үлестерін қосты. Сонымен, математика мұғалімі Колесник И. С. 7 сынып оқушыларына «Математикалық кафесі», 6 сынып оқушыларына математика және информатика мұғалімдері Гордеева Н. И. және Шиндавлетов Е.Е. «Математика және информатика әлемінде» сыныптан тыс кіріктірілген іс-шара (станциялар бойынша ойын) өткізді, физика мұғалімі Қазымбекова А. Б. және математика мұғалімі Гартман Т.В. «Өз ойыны» (физика және информатика пәндері бойынша), информатика мұғалімі Елеусизова А.Д. және математика мұғалімі Кулик Н.Н. 9 сынып оқушылары үшін «Үлкен жарыстар» (информатика және математика пәндері бойынша) сыныптан тыс кіріктірілген іс-шара өткізді, 5 сынып параллельдері үшін«Математикалық соқпақтар бойынша» квест-ойыны өткізілді, оны жас маман Макарова Е.С. әзірледі, 10-11 сынып оқушылары үшін «Архимед. Сандарды бөлуші» фильмі көрсетілді. 2 қабаттың холында «Оч'умелые ручки» үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Математика, информатика және физика онкүндігін жабуға арналған жалпы мектептік линейкасында қорытынды жасалды, онда барлық ойындар мен сайыстардың жеңімпаздары марапатталды, сондай-ақ барлық іс-шараларды өткізуге белсенді көмек көрсеткені үшін 11 сынып ұжымына мадақтама берілді.
Барлық мұғалімдер пән апталығы барысында жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті, осындай жұмыс түрі мерекелік атмосфера құрды, бұл мұғалімнің өз шығармашылығын дамытуға, өзінің қызмет түрін түсінуге мүмкіндік берді.
Онкүндіктің мақсаты жүзеге толық асырылды.