Тарих және географияның пәндік онкүндігі

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

2019 жылдың 5-ші және 13-ші желтоқсан аралығында мектебімізде тарих және география онкүндігі өтті.  Онкүндіктің тақырыбы: "КО'SHELER SO'ILESIN".

Онкүндіктің ашылуы 2019 жылдың 5-ші желтоқсанында  жалпы мектептік линейкасында  басталды. Онда оқушылар онкүндіктің жоспарымен танысты. Оқушылар кітапханаға Қостанай қаласының 140-жылдығына арналған «Қостанай өлкесі – өткені мен бүгіні» көрмесіне шақырылды.

5-7 сыныптар арасындағы  «Көшелер сөйледі...» атты газеттер сайысының және 8-11 сыныптар арасындағы 3-D карталардың көрмесінің  басталуы жөнінде хабарланды.

Тарих және география онкүндігінде бірінші іс-шаралар 5 «Д» сыныбында Қазақстан тарихы бойынша «Сақтар туралы тарихи мәліметтер»  атты  ашық сабақ  (мұғалімі И. В. Кривец) және  5-6 сыныптар арасындағы  «Кіші Отанға арнаймын....» атты мәнерлеп оқу сайысы болды. Сайыс қорытындысы бойынша 5 сынып - ана тілінде ең үздік орындау номинациясы бойынша Абаева Асия 5 «Б» сынып «Туған жер» өлеңі, 3 орын - 5 «В» сынып Колесникова Кристина, 2 орын - 5 «Г» Бойко Милена, 1 орын-5 «Д» сынып оқушысы Шиков Артем жеңімпаз атанды.

6-шы сыныптар арасында Отан туралы ең ерекше өлең номинациясы бойынша 6 «Б» сынып оқушысы Серикбаева Самира, 3 орын – 6  «Д» сынып оқушысы Қасымова Зарина, 2 орын – 6 «В» Политкова Яна, ал  6 «Г» сынып оқушылары Пархоменко Александра, Волкогон Роман и Гуцало Алексей өлеңді үш тілде айтқаны үшін  жеңімпаз болып  атанды.

Осы күні «Сүйікті қалама тілектер» атты челленджге бастау берілді. Мектеп оқушылары тілектерді келесі сайттарға орналастырылды: vk.com/shkola16kostanay; instagram.com/school16kst; www.kst-sch16.kz. Бұл тілек айту эстафетаны біздің мектептің оқушыларына ғана емес, басқа мектептерде оқитын достарына да берілді.

Дүйсенбі күні 9-ші желтоқсанда  мұғалім Д. М. Токусарова 7-8 сынып параллельдерінде «Saintquest» квест-ойын өткізді.

Оның мақсаттары: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның рухани әулиелері»  арнайы жобасын жүзеге асыру, тарихи ескерткіштер мен қасиетті орындарды дәріптеу, рухани құндылықтарды нығайту.

Оқушылар ойын барысында география бойынша жақсы білімдерін көрсетіп қана қоймай, Қостанай облысының киелі жерлері туралы  білімдерін көрсетті.

Жеңімпаздар: 3 орын - 7 «В» сыныбы, 2 орын-7 «Б» сыныбы, 1 орын- 8 «В» сыныбы.

9 - 11 сынып оқушылары  паралельдерінде Бойко В. Н., Хазеева Л. Х. және Токусарова Д. М. өткізген «Годонимы сөйледі» брейн-рингі оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Оқушылар қала көшелерінің атауларын және тарихи ескерткіштерді жақсы білетіндіктерін көрсетті .Ойын қорытындысы бойынша 3 орынға 9  сыныптар тобы  ие болды. 2 орын - 10 сыныптар  тобы.11 сынып оқушылары Қостанай қаласының тарихи ескерткіштері мен көшелерінің үздік білгірлері болып атанды.

2019 ж.13 желтоқсан жұма күні 5-7 сыныптар арасындағы газеттер  сайысы және 8-11 сыныптар арасындағы 3-D карта көрмесінің  қорытындысы шығарылды . 5-7 сынып оқушылары арасында орындар былайша бөлінді:5 сынып параллелінде 3 орынға 5 Г және 5А сыныптар ие болды, екінші орынға 5Д, ал бірінші орынға 5В сыныптар ие болды. 6 сыныптар арасында 3 орынды 6В және 6А сыныптары бөлді , екінші орынды 6Б, ал бірінші орынға 6Г сыныбы ие болды. 7 сынып параллелінде 3 орын 7В және 7Б, екінші орын 7Д және 7А, ал бірінші орын 7Г сынып.

8-11 сынып оқушылары арасында «Қостанай облысының киелі орындары» 3D карт: 8 сынып параллелінде 8Б сынып - 3 орын, 2 орын - 8А, ал бірінші орын 8В сынып жеңімпаз атанды. 9-10 сыныптар арасында 3 орынды 9А, екінші орынды 10 Б және 9В, ал бірінші орынға 10А және 9Б сыныптары иеленді. 11 сынып  «Орындалуда стандартты емес және креативті тәсіл үшін» номинациясы бойынша мадақтамаға ие болды.

Онкүндік Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынмен аяқталды.

 

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика