Үйрет және өзің үйрен!
- Толығырақ
- Құрылды Сейсенбі, 27 Сәуір 2021 16:28
- Қаралды: 602
27 сәуір күні біздің мектептің базасында ағылшын тілі оқытушыларына арналған "Критериалды бағалау технологиясы, оқу үрдісінде қолдану әдістемесі" атты қалалық семинар-коучинг өтті.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі Н.Ж. Қадырбаеваның жетекшілігімен ағылшын тілі мұғалімдері жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалау жүйесін, оны ағылшын тілі сабақтарында қолдану әдістемесін ұсыну бойынша тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті.