Қашықтықтан оқыту форматында қалалық коучинг

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

2021 жылғы 24 ақпанда тарих және география ӘБ мұғалімдері "Оқушылардың өзіндік белсенділігін қалыптастыру және дамыту тәсілі ретінде көп деңгейлі және сараланған тапсырмаларды қолдану" тақырыбы бойынша қашықтық форматта қалалық коучинг өткізді. Коучингтің мақсаты: саралап оқыту стратегиясымен танысу, педагогтердің жұмыс тәжірибесінде түрлі деңгейлі және саралап берілген тапсырмаларды қолдануға бағыттау.

Модераторлар Токусарова Динара Михайловна мен Кадыров Данияр Каршигаевич коучинг қатысушыларын әртүрлі деңгейлік және сараланған тапсырмалардың түрлерімен таныстырды, өз жұмысының тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Практикалық бөлімде қатысушылар "Қазақстандағы көші-қон процестері"тақырыбы бойынша өздерінің сараланған тапсырмаларын құрастырды. Коучинг аяқталғаннан кейін көп деңгейлі және сараланған тапсырмаларды әзірлеу және қолдану бойынша жадынамалар таратылды.

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика