ЖМЦ пәндерін үш тілде оқыту. Инклюзивті білім беру.
- Толығырақ
- Құрылды Жұма, 04 Желтоқсан 2020 14:12
- Қаралды: 849
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт жоспарында – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамда мектеп алдына күрделі және өршіл міндеттер қойды-білім беру жүйесінде ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу, оның мақсаты даярланатын кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады. Мектепте үш тілде білім беруді енгізу жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізу процесінде жүзеге асырылады.
Осылайша, мектеп мұғалімдері мен оқушыларының басты мақсаты - өз халқының салт – дәстүрін білетін, бірнеше тілде сөйлейтін, барлық жағдайда үш тілде коммуникативті және белсенді операцияларды жүзеге асыра алатын, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі жетілдіруге тырысатын көп мәдениетті тұлғаны дамыту.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқыту оқушылардың ағылшын тілі бойынша белгілі бір базалық білім мен дағды деңгейіне ие болғанда және нақты техникалық терминологияны еркін меңгергенде тиімді болатынын барлығы біледі.
Мектепте көптілділік жыл сайын дамып келеді, оқушылардың химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде, тарих бойынша факультативті қазақ тілінде оқуға мүмкіндігі бар.